Ақпараттық қоғамда патриоттық тәрбиені дамыту жолдары
收藏资源简介:
Қазіргі заман — ақпарат пен технология ғасыры. Цифрлық сауаттылық – ХХІ ғасырдың басты дағдыларының бірі. Алайда, тек цифрлық құралдарды меңгеру жеткіліксіз, оны ұлттық болмысымызбен, отансүйгіштік сезіммен, рухани-адамгершілік құндылықтармен ұштастыра отырып дамыту – бүгінгі тәрбиенің басты міндеті. Осы орайда, аталған бағдарлама оқушылардың мобильді цифрлық сауаттылығын дамытып, патриоттық құндылықтарды бойына сіңіруді көздейді. Бүгінгі жаһандану дәуірінде ақпараттық технологиялар адам өмірінің барлық саласына терең енді. Әсіресе білім беру жүйесінде цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану – заман талабы. Бұл орайда оқушылардың мобильді құрылғылармен жұмыс істеу дағдылары, ақпаратты сараптай білу қабілеттері және ақпараттық қауіпсіздікке деген жауапкершілігі басты назарда болуға тиіс. Дегенмен, тек техникалық сауаттылық жеткіліксіз – ұлттық тәрбие мен патриоттық құндылықтарды да қатар қалыптастыру қажет. Мобильді цифрлық сауаттылық – бұл тек гаджеттерді пайдалану ғана емес, сонымен қатар, оларды саналы, қауіпсіз және тиімді қолдану мәдениетін қалыптастыруды білдіреді. Оқушылар әлеуметтік желілерде өздерін дұрыс ұстап, жалған ақпарат пен киберқауіптерден қорғана білуі тиіс. Сонымен қатар, цифрлық кеңістікте ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді, салтдәстүрімізді дәріптейтін мазмұнмен жұмыс істеу – шынайы патриотизмнің көрінісі. Бағдарлама біртұтас тәрбие жүйесіне интеграцияланып, оқушы тұлғасын жан-жақты дамытуға ықпал етеді. Бұл – болашақтың зияткер, жауапты, әрі патриот азаматын тәрбиелеудің бірегей жолы.



